Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Мемлекеттік күзет қызметі Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын хабарлады. Елордада бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 20-24 сәуір аралығында қала көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі
Фото: ЖИ Gemini