Маңғыстауда бала қатарластарымен қатар балабақша тәрбиешілерін де қорқытып келген

Фото: Life 09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-аналар бұзық баланы "директордың баласы" деп атайды. Ол тыныштық уақытында балалардың бөлмесіне кіріп, ұйықтатпайды екен. Тіпті оның бұзақылығына шыдамаған тәрбиешілер жылап та қалған екен.

Нәтижесінде бала кеңсе пышағын алып, қыздардың бетіне қарай сермеген. Тіпті "ұйықтасаң, бір жеріңді кесіп аламын" деген көрінеді".

Енді білім басқармасы бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізбек.