Сиреньді жұлсаң - айыппұл төлейсің: заң талабы күшейді

Фото: Canva

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq_kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, қала аумағындағы гүлді зақымдағаны үшін жеке тұлғаларға шамамен 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік  мемлекет қорғауында. Ал егер ол  жекеменшік аумақта орналасса, мәселе иесімен шешіледі, келген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.