Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабардайды.
Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршін қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған сәтте өткір зат маңдай тұсына кіріп кеткен.
«Ауруханаға түскен кездегі жағдайы ауыр болды. Балада әлсіздік, мазасыздық, құсу, терінің бозаруы және жарақат аймағында айқын ісіну байқалды», - дейді дәрігерлер.
Қайшыны алу шамамен 10 минутқа созылды.
Одан кейін науқас бір апта бойы дәрігерлердің бақылауында болған.
Оның жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.