Семейде хайуанаттар орталығында болған жағдай жұрттың ашуын туғызды

Фото: Life09

Болған жағдай туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Келушілердің бірі арыстандар тұрған қоршауға тас лақтырған. Бұл туралы биологиялық орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық мамандары жануарларға жанашырлықпен қарап, олардың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзбауға шақырды.

Облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жұмысын бастап кетті. Қазіргі уақытта бейнебақылау жазбалары зерттеліп жатыр.

Видео: biodetcenter