Астанада заманауи үлгідегі «Самал» саябағы салынып жатыр

Фото: Life09

Елордадағы әл-Фараби даңғылы – Керей мен Жәнібек хандар көшесі – Бұқар жырау көшесі аумағында жаңа «Самал» саябағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, саябақ аумағында жаяу серуендеуге арналған жолдар, жайлы демалыс аймақтары, заманауи балалар ойын алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар, мұнда тоған, шағын көпірлер мен арнайы бақылау нүктелері салынады.

Жаңа қоғамдық кеңістік биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.