Дағыстандағы Геджух су қоймасында дамба жарылып, салдарынан кемінде төрт мың адам эвакуацияланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бірнеше тұрғын қаза тапқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Тасқын су деңгейі 1,5 метрге дейін көтеріліп, ескі тұрғын үйлер шыдас бермей құлап, қирауда.
Әсіресе Дербент пен Махачкала қалаларында жағдай күрделі. Мұнда көпірлер мен өткелдер бүлініп, мыңдаған тұрғын жарық пен ауыз сусыз қалған.
Су тасқыны салдарынан өңірде ішек инфекциясы да тарай бастаған. Соңғы екі күннің өзінде 21 адамнан ауру анықталған.
Бір апта бұрын басталған табиғи апатпен күрес әлі де жалғасып жатыр.
Дағыстанда дамба жарылып, мыңдаған адам эвакуацияланды
Фото: Life09