«Мені өлтірді»: БҚО-да 30 жыл бұрынғы зорлық ісі бойынша тергеу басталды

Фото: Life09

«Мені өлтірді»: БҚО-да 30 жыл бұрынғы зорлық ісі бойынша тергеу басталды. Әлеуметтік желіде шетелде тұратын қазақстандық әйел өткен өміріндегі ауыр оқиға туралы видео жариялап, қоғамда резонанс тудырды. Оның айтуынша, шамамен 30 жыл бұрын, 17-18 жасында, Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде төрт ер адамның тарапынан зорлыққа ұшыраған. Қазіргі таңда әйел Вьетнамда тұрады. Ол Орал қаласына келіп, өзін қорлағандарды заң алдында жауапқа тартуға ниетті екенін айтқан. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.