Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі 112 KZ телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде Қарқаралы ауданында, «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» республикалық маңызы бар автожолының 267 шақырымында минивэн бұзылып қалған.
Көліктің ішінде 9 адам болған. Олардың екеуі эвакуациядан бас тартты.
Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын техникамен қалған адамдарды Қарқаралы қаласына эвакуациялады.
Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ ескертеді: алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райын ескеріңіз.
Қарағанды облысында жарамсыз көліктен 7 адам эвакуацияланды
Фото: Life09