Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қазіргі уақытта такси жүргізушісі ретінде еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @ztb_qazaq-қа сілтеме жасап. Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты.
Экс-әкімнің сөзінше, ол бірнеше күннен бері күндіз-түні такси жүргізіп жүр. Өзінің көлігі болмағандықтан, көлікті жалға алады.
«Үйде бос отырған ұят болды. Отбасымды асырауым керек. Қазір такси жүргізіп жүрмін. Түнгі үшке дейін жұмыс істедім. Күнделікті жоспар бойынша 18 500 теңге табу керек», – деді ол.
Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы биыл 12 ақпанда денсаулығына байланысты Талғар қаласының әкімі қызметінен кеткен болатын.
Талғардың экс-әкімі такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүр
Фото: Gemini ИИ