Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелдегі азаматтардың дауыс беруі туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің хабарламасы.
Референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаруда.
Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады.
Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды.