Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
Абай облысы 61,04%
Ақмола облысы 60,05%
Ақтөбе облысы 61,37%
Алматы облысы 56,13%
Атырау облысы 56,54%
Батыс Қазақстан облысы 49,97%
Жамбыл облысы 51,13%
Жетісу облысы 59,82%
Қарағанды облысы 57,32%
Қостанай облысы 56,51%
Қызылорда облысы 64,63%
Маңғыстау облысы 53,14%
Павлодар облысы 53,31%
Солтүстік Қазақстан облысы 52,37%
Түркістан облысы 58,03%
Ұлытау облысы 52,06%
Шығыс Қазақстан облысы 59,60%
Астана қаласы 40,68%
Алматы қаласы 21,68%
Шымкент қаласы 58,24%.
Жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93% құрады.
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.00-де беріледі.