51 млн теңге: Жамбыл облысында интернет-алаяқтық жасаған ерлі-зайыпты сотталды

Фото: ЖИ Gemini

51 млн теңге: Жамбыл облысында интернет-алаяқтық жасаған ерлі-зайыпты сотталды. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап олар WhatsApp мессенджерінде тұрмыстық тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы хабарландырулар жариялаған. Тұрғындардың сеніміне кіру үшін алғашқы тауарларды дұрыс жеткізгенімен, кейін алынған қаражатты өз қалауларынша пайдаланған. Салдарынан 112 адам зардап шегіп, 51 млн теңгеден астам залал келтірілген. Сот үкімімен күйеуі 2 жыл 8 айға, ал әйелі 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.