Қазақ шабандозы әлемдік рекорд орнатпақ

Фото: ЖИ Gemini

Қазақ шабандозы әлемдік рекорд орнатпақ. 20 наурыз - Ұлттық спорт күніне орай Алматы қаласының Орталық ипподромында ерекше рекордтық көрсетілім өтеді. «Топжарған» этно-мәдени орталығының каскадер-шабандозы Ернар Жасұзақ ұлттық ат спорты бағыты бойынша жаңа рекорд орнатпақ. Ол бір аттың үстінде 500 метр қашықтықты сағатына 60 км жылдамдықпен шауып өтеді. Көрсетілімнің басты ерекшелігі – шабыс барысында аттың тізгінін толық жіберіп, ат үстінде тік тұрған күйде шабу. Көрсетілім ресми түрде тіркеліп, Африка мен Орта Азия елдері арасындағы Әлемдік рекордтар кітабына жаңа рекорд ретінде ұсынылады.