Әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті

Фото: МҚІА баспасөз қызметі

Кеңес отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының мемлекеттік органдарындағы тәртіптік комиссиялардың қызмет нәтижелері қаралды.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне жүргізілген талдау қорытындылары, мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындарға қатысқаны үшін жауапкершілікке тарту мәселелері және мемлекеттік қызметшілерді оқытуға жіберу тәжірибесіне жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.
Сондай-ақ, Теміртау қаласының әкімінің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы есебі тыңдалды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік орган басшылығына қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет саласында заңдылық пен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.