Оқиға кезінде ішімдікке мас болған жолаушы автобустың жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан, жүргізушіден қозғалысты жалғастыруды талап еткен. Соның салдарынан олардың арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Төбелес барысында 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісін пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полиция қызметкерлері күдіктіні дереу ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен адамның жағдайы әзірге белгісіз.
Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады
Фото: ЖИ ChatGPT