«Халық үнін есту – бұл жай ғана ұран емес, бүгінгі күннің нақты саяси бағыты»

Фото: AMANAT

Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен көшбасшы әйелдердің форумында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова айтты.

 

Ол қазіргі жүйенің негізі – халыққа қызмет көрсету, ашықтық, әділдік және есептілік екенін жеткізді.

 

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген жаңа басқару моделін кешегі зерттеуші, бүгін жүзеге асырушы мемлекеттік қызметшімін. Бұл модельдің басты мақсаты – билік тармақтарының өзара тепе-тең жұмыс істеуі және ең бастысы – халыққа қызмет етуі. Халық үнін есту – бұл жай ғана ұран емес, бүгінгі күннің нақты саяси бағыты», – деді Әсел Балманова.