Әлия Ақжолтаева: «Жаңа Ата Заңда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне ерекше мән берілген»

Фото: AMANAT

 

Бүгін Астанада Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының Жетекшісі Ерлан Қошановтың қатысуымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Онда Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Әлия Ақжолтаева жаңа Конституция жобасында азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесіне айрықша назар аударылғанын мәлімдеді.

 

«Жаңа Ата Заңда медицина қызметкерлерінің құқығы мен қауіпсіздігіне де ерекше мән берілген. Жаңа Конституцияның 27-бабында медицина қызметкерлерін қорғау нормасы бекітілген. Бұл – біздің қауіпсіз және санитарлық талаптарға сай жағдайда еңбек етуімізге берілген заңдық кепілдік», – деді ол.