Қазақстанда вакцина алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды

Фото: ЖИ Gemini

Қазақстанда мектеп немесе балабақшада қызылша жағдайы тіркелсе, вакцина алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаулы етті.

Балабақшаларда топтағы вакцинадан өткен балалар үлесі кемінде 90% болуы тиіс. Сондай-ақ, қызылша белгілері бар балалар мен қызметкерлер сабаққа жіберілмейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 77,6% жағдайда науқастар вакцина алмаған балалар болып шықты. Оның ішінде вакцина алудан бас тартқандар – 1448, медициналық қарсы көрсетілімдері барлар – 325, жас шамасына байланысты вакцина алмағандар – 778.

Еске салайық, биыл елде қызылшаға шалдыққан 3 мыңнан астам жағдай тіркелді.