Маңғыстау тұрғыны жалған диплом пайдаланғаны үшін сотталды

Фото: Canva

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түпқараған ауданының 26 жастағы тұрғыны әскери қызметке тұру барысында Қазақ спорт және туризм академиясы дипломының көшірмесін тапсырған. Алайда тексеріс құжаттың жалған екенін анықтады. 
 

«Сотталушы кінәсін толық мойындады. Ақтау қалалық соты оны Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 86 500 теңге айыппұл салды», - деп жазды Lada.kz.



Сондай-ақ Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 19  660 теңге өндірілді.