Қызылордада бір топ жігіт мектеп оқушысын ұрып-соққан

Фото: Life09

Кәмелетеке толмаған жасөспірім соққыға жауап  бере алмай, жерге құлса да қаскөйлер сабауын тоқтатпаған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелесті көпқабатты үй тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған. Кадрда мектеп оқушысы асфальтта жатқанын көруге болады. Оны кемінде сегіз адам тепкінің астына алған. Бұзақылар тек көшеде өтіп бара жатқан әйелдің айқайынан кейін ғана тоқтап, жан-жаққа қашқан. 

Полицияның мәліметінше, шабуыл жасағандардың барлығы анықталды. Алайда әзірге оқиғаның толық мән-жайын айтпай отыр. Тек бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.