Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас ел мақтанышына айналған Олимпиада жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тенді арнайы барып құттықтады.
Әнші бұл кездесудің мәні терең екенін айтып, жүрекжарды лебізін жеткізді. Оның сөзінше, кешегі Михаил Шайдоровтің жеңісінің бастауы дәл осы Денис салған сара жолда жатыр. Қазақ мәнерлеп сырғанауының биікке көтерілуіне өлшеусіз үлес қосқан батырдың рухы әр жеңісте бірге.
«Батырды дүниеге әкелген анамыз – халқымыздың мақтанышы. Батырымыз мәңгі жүрегімізде», – деп жазды өнер иесі өзінің парақшасында.
Видео: Әншінің инста парақшасынан