Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазтұтынуодағы Қарағанды университетімен бірлесіп, «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырды.
Ойынға Қарағанды қаласының әртүрлі жоғары оқу орындарынан 5 команда қатысты. Ойын 3 турдан тұрды, оның тақырыптары құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды, атап айтқанда: «дропперлік», «заңсыз ойын бизнесі», «қаржылық пирамидалар» және т.б.
Іс-шара интерактивті форматта өтті: студенттер пікірталастар мен викториналарға белсенді қатысты. Мұндай тәсіл жастардың қаржылық қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық бойынша тұрақты дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қарағандыда «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында зияткерлік ойын өтті
Фото: Ұйымдастырушылардан