Қарағанды зообағы аумағына үш жолақты гиенаның үш дарасы және гиенатектес екі ит әкелінді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі QAZAQSTAN.TV-ға сілтеме жасап.
Жолақты гиена 2008 жылдан бері Халықаралық Қызыл кітап тізіміне енгізілген. Бұл – Африка құрлығынан тыс аймақтарда кездесетін жалғыз гиена түрі.
Жануарлар Армениядан жануарлар алмасу бағдарламасы шеңберінде жеткізілген. Қазір олар карантиндік аймақта ұсталып, мамандардың тәулік бойғы бақылауында.
Қарағанды зообағына Қызыл кітапқа енген сирек жыртқыштар жеткізілді
Фото: Life09