Жүрсін Ерман «Қазақстанның Халық жазушысы» атағына ие болды

Фото: zhursin_yerman

Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері Жүрсін Ерман «Қазақстанның Халық жазушысы» атағына ие болды.

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін бұл мәртебелі атаққа Төлен Әбдік, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеұлы, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова, Темірхан Медетбек, Валерий Михайлов, Исраил Сапарбай, Марфуға Айтхожина және Ғаббас Қабышов ие болған еді.