Алматыда курьердің бойжеткенге тиіскені туралы оқиға қоғамда қызу талқылануда. Жәбірленуші қыз әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, болған жағдайды баяндады.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Sputnik Aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, курьер гүл жеткізу сылтауымен пәтерге кірген. Гүлді қойғаннан кейін ер адам бойжеткенге тиісе бастаған. Қыздың сөзінше, күдікті оның денесіне қол жүгіртіп, киімін шешпек болған.
Бойжеткен қарсылық білдіріп, айқайлаған соң ер адам пәтерден шығып кеткен. Оқиғадан кейін қыз курьерге хабарласып, полицияға жүгінетінін ескерткен.
Аталған дерек бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 тәулікке қамауға алынды.