Таразда автобус аялдамасында оқушы қызды көлікке күштеп отырғызбақ болғандар ұсталды

Фото: Life09

Тараз қаласында 13 жастағы оқушы қызды белгісіз ер адамдар автобус аялдамасынан алып кетпек болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 
Оқиға кезінде аялдамаға көлік келіп тоқтап, ішінен екі ер адам шыққан. Олардың бірі жасөспірімді күштеп көлікке отырғызуға әрекет жасаған.

Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан азамат жағдайды байқап, қызға араша түскен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.