Алматыда оқушылар жалған «жарылыс» туралы хабар таратып, сабақты тоқтатпақ болған

Фото: Gemini Ии

Алматыда үш жасөспірім мектепте жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @ztb_qazaq-қа сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, олар сабақты тоқтату мақсатында әдейі осындай хабарлама жасаған. Тексеру барысында ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды.

 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде әрекеттің қасақана жасалғаны белгілі болды. Заңға сәйкес, кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.