Қаратал ауылы – Есіл ауданындағы төртінші, ал, облыс бойынша отыз бесінші “ішімдіксіз ауыл” атанды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Осы бастаманы қолдау мақсатында тұрғындар скандинавиялық жүріс ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттады. Челлендж көрші Мамлют ауданы тұрғындарына жолданды. Іс-шараға жергілікті әкімдік, полиция және прокуратура өкілдері қолдау көрсетті.
Николаев ауылдық округіне қарасты елді мекенде 50-ден астам адам тұрады. Соңғы қылмыс мұнда 2023 жылы тіркелген – мал ұрлығы фактісі бойынша күдіктілер ұсталған. Ал, соңғы бес жылда алкогольге байланысты бірде-бір құқық бұзушылық болмаған.
Полиция өкілдерінің айтуынша, “ішімдіксіз ауыл” дәстүрі қоғамдық тәртіпті нығайтып, қауіпсіз орта қалыптастыруға оң әсерін тигізіп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты
Фото: Gemini ИИ