Астана қаласының тұрғыны, педагог Гүлжазира Бекболатқызы 2024 жылдан бері Нидерланд пен Германияда тұратын қазақ балаларына онлайн форматта әр жексенбі сайын ана тілі сабағын тегін өткізіп келеді.
«Балалардың тіл үйренуге деген құлшынысы ерекше. Сабаққа қызығушылықпен қатысады», – дейді ұстаз.
Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен тарихи Отаны туралы білім алады. Сонымен қатар олар қазақ тілінде өлең, жұмбақ, мақал-мәтелдер жаттап, тыйым сөздер мен ұлттық ойындарды үйреніп жүр.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Астаналық ұстаз Еуропадағы қазақ балаларына ана тілін тегін үйретіп жүр
Фото: Ұстаз жасаған скриннан