Олимпиада: Павел Колмаков ақтық сынға жолдама алды

Фото: Qazsporttv телеграм арнасынан

Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан сынға түскен отандасымыз Павел Колмаков жарыстың финалдық кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінде Колмаков 76.24 ұпай жинап, жарысты 9-орынмен аяқтаған. Бұл көрсеткіш оның ақтық сынға шығуына мүмкіндік берді. Өйткені, 29 спортшы қатысқан сайыста алғашқы ондыққа енгендер финал жолдамасын алады.

Финалдық кезең 12 ақпанға жоспарланған.

Еске салайық, Миландағы қысқы ойындар 6 ақпанда басталды. Бес күннен бері отандық спортшылар әлі бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Қазақстанның туын көтерген Денис Никиша да (конькимен жүгіру) жеңіліп қалды.