SOS сигналы Алматы тауларында бір адамның өмірін сақтап қалды

Фото: Gemini ИИ

Алматы тауларында тік жартаста қалып қойған 30 жастағы ер адамды құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Турист ешқандай дайындықсыз және арнайы жабдықсыз жартасқа шықпақ болған. Тайып кеткен сәтте ішінде жылы киімдері бар сөмкесі төменге құлап, өзі тар белдеуде тек спорттық киіммен қалып қойған. Өздігінен түсе алмаған ол қараңғыда қолындағы қолшаммен SOS белгісін беріп, көмек сұраған.

“Мыңжылқы” үстіртінен түсіп келе жатқан туристер тобы алыстан жарық сигналын байқап, құтқару қызметін шақырған. Оқиға орнына ТЖМ-нің “Барыс” жасағы жетіп, бес сағатқа созылған күрделі операция нәтижесінде ер адамды төменге түсірді.

Абырой болғанда, ол аман қалды.