Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБжетекшісі Вера Ким Қазақстанда конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді.
Вера Ким Мемлекет басшысының еріктілерқозғалысына тұрақты түрде қолдау көрсететінін еске салды. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарындаауқымды көлемде өткен Еріктілер форумы осының жарқын дәлелі болды.
«Жаңа Конституция жобасына ұсыныстаржинау жарияланған сәттен бастап мағанволонтерлік ұйымдар мен еріктілердіңөздерінен 31-баптың 2-тармағын «волонтерлік»деген сөзбен толықтыру туралы өтініштербірнеше рет келіп түсті. Осыған байланыстыҚазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру менқайырымдылықты құруды көтермелеуменқатар волонтерлікті ынталандыруды бекітудіұсынамын», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл бапта әлеуметтікқолдауды қамтамасыз етудегі мемлекетынталандыратын қоғамның қатысу нысандарыкелтірілген. Атап айтқанда, онда сақтандырумен қайырымдылық көрсетілген, бірақ басқамаңызды нысан – азаматтардың жеке өтеусізеңбегі көрсетілмеген.
«Еріктілер төтенше жағдайлар кезінде,ауруханаларда көмектеседі, әлеуметтік саладақарттарды, балаларды, мүгедек адамдарды, қиын жағдайда отбасыларды қолдайды. Бұлбүкіл ел бойынша жұмыс істеп жатқанәлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды бөлігі» -деді Вера Ким.
Депутат «волонтерлік» сөзі норманылогикалық түрде толықтыратынын, өйткені бұлжағдайда мемлекет тек ресурстар ментетіктерді ғана емес, азаматтардың дақатысуын ынталандыратынын атап көрсетті.
«Мен бұл бастаманы бүкіл еріктілерқозғалысының атынан көтеремін», - деді ол.
Сондай-ақ Вера Ким сауалнамаларғасәйкес әрбір сегізінші қазақстандықтыңволонтерлік тәжірибесі бар екендігін көрсететіндеректерге тоқталды. Ресми мәліметтербойынша, еріктілікке 300 мыңға жуық адамтартылған, 800-ден астам ұйым мен 3,5 мыңбастамашыл топ жұмыс істейді.
«Біз үшін бұл жай ғана қызмет емес – бұлбіздің қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатынақосқан үлесіміз», - деді депутат.
Сонымен қатар ол қоғамда экологиялықмәдениетті қалыптастырудағы еріктілердіңерекше рөлін атап өтті.
Вера Кимнің айтуынша, олар өздерініңнақты әрекеттерімен табиғатқа және қоршағанортаға деген жауапкершілікке ұқыпты қараудыңүлгісін көрсетеді. Аумақтарды тазарту, ағашотырғызу, табиғи нысандарды сақтау жәнеэкологиялық білім беру бойынша еріктілербастамалары арқылы табиғат құндылығытуралы практикалық түсінік қалыптасады.
«Көптеген адамдар үшін мұндай жобаларғақатысу саналы экологиялық тәртіпке дегеналғашқы қадам, ал жастар үшін азаматтықжауапкершілік пен қоғамдық игілікке құрметпен қараудың маңызды мектебі болып табылады»,– деп атап өтті ол.
Вера Ким жаңа Конституция жобасындажоғары экологиялық мәдениеттің мемлекеттіңіргелі қағидаты ретінде орнығуы қоғамдыққозғалысқа жүйелі және ұзақ мерзімді сипатберетінін атап өтті.
Нәтижесінде қоршаған ортаға қамқорлықбір реттік акцияға емес, білім беру, құқықтықреттеу және қоғамдық бастамалар арқылықолдау көрсетілетін мемлекеттік саясаттыңстратегиялық бағытына айналады.
«Азаматтар үшін бұл таза және қауіпсізөмір сүру ортасы, денсаулықты қорғау жәнетабиғи ресурстарды сақтаудан көрінеді.Волонтерлердің белсенділігі мен экологиялықмәдениетті конституциялық тұрғыда танутұтастай алғанда әр адам елдің табиғаты менболашағын сақтаудың қатысушысы болатындамудың тұрақты моделін қалыптастырады», –деп түйіндеді ол.