Адам ұрлап, 12 млн теңге талап еткен қылмыстық топ ұсталды (видео)

Фото: Life09

Алматы мен Астанада адам ұрлап, ірі көлемде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Күдіктілер жәбірленушіден 12 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Тергеу мәліметінше, олар кәсіпкерлерге қысым көрсету және қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеген.

 

20-дан астам тінту барысында қомақты ақша мен суық қару тәркіленді.

 

Қазіргі таңда күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою баптары бойынша айып тағылды.

 

Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.