Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Серік Сәпиев жаңа қызметінде жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі ретінде қызмет атқаратын болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тағайындау «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясына сәйкес жүзеге асырылған ротация аясында қабылданды.