Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев комиссия жұмысы аясында жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынды.
«Бізге Конституцияға енгізілетін түзетулердің жобасы ұсынылды. Жоба азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының, оның ішінде адвокаттар мен заңгерлердің пікірлерін ескере отырып әзірленген. Енгізілген түзетулер қоғамның сұранысына жауап береді, өйткені олар адамның негізгі құқықтарына тікелей қатысты», – деді ол.
Мади Мырзағараев ұсынылған түзетулерді зерделеп шыққанын атап өтті.
«Маңызды түзетулер аз емес – олардың барлығы уақыт талабына сай. Осыған байланысты Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыру ұсынылып отыр», – деп мәлімдеді Республикалық адвокаттар алқасының басшысы.