Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.