Діннің Конституция деңгейіндемемлекеттен бөлінуі қоғамдық келісімдінығайтады – Гүлзира Атабаева
Конституцияға енгізілетін өзгерістерқоғамның мықты және әділ мемлекеткедеген сұранысын көрсетеді – ГүлзираАтабаева
Конституцияға дінді мемлекеттен бөлетінжәне зияткерлік меншікті қорғауды күшейтетінбілім берудің зайырлы сипатын бекітетін түзетулер Қазақстанның жасанды интеллектдәуірінде дамуына ықпал ететін болады.Мұндай пікірді Конституциялық реформажөніндегі комиссияның үшінші отырысында«Келешек» жастар кеңесінің басшысы ГүлзираАтабаева айтты.
Ол Конституцияға өзгерістер енгізубойынша қарастырылып отырған ұсыныстарбір-бірін қисынды түрде толықтыратынын жәнедүниетанымдық негіздерден бастап цифрлықдәуірдегі тұлғаны қорғауға дейінгіКонституциялық кепілдіктердің тұтас жүйесінқалыптастыратынын атап өтті.
Гүлзира Атабаеваның айтуынша, білімберудің зайырлы сипатын нақты бекіту туралыұсыныстың түпкілікті әрі уақытылы мәні бар.
«Жастар үшін бұл абстрактілі емес, практикалық мәселе. Мектеп – бұл теңмүмкіндіктер мен дәстүрлерді құрметтеукеңістігі. Конституциядағы тікелей норматәрбие мен білім беру жүйесі үшін айқынбағдар болады», – деді Гүлзира Атабаева.
Оның пікірінше, дінді мемлекеттен бөлуқағидатын тікелей бекіту туралы ұсыныс та маңызды.
«Бұл жастар үшін түрлі көзқарас пен наным-сенімге қарамастан, мемлекеттің бәрінебейтарап және тең болып қалуының кепілі.Осындай сезімтал саладағы конституциялықнорманың айқындылығы қоғамдық келісім менбилік институттарына деген сенімдінығайтады», – деп атап өтті Гүлзира Атабаева.
Ол «Келешек» жастар кеңесішығармашылық еркіндіктің, сөзбостандығының және зияткерлік меншіктіқорғаудың кепілдіктерін күшейту жөніндегібастаманы толық мақұлдайтынын айтты.
«Қазіргі жастар идеялар, контент жәнеинновациялар ортасында өмір сүреді.Зияткерлік еңбекті нақты қорғаусыз ғылымды,мәдениетті және шығармашылық экономиканыдамыту мүмкін емес. Бұл қағидаттардыконституциялық бекіту – елдің зияткерлікәлеуетіне инвестиция», - деп атап өтті спикер.
Қорытындылай келе, ол Конституцияғазаманауи ұғымдарды енгізу цифрландыру менжасанды интеллектінің қарқынды дәуіріндеқазақстандық қоғамның табысты дамуынаықпал ететінін айтты.
Бұдан басқа, ұсынылып отырған өзгерістерқазақстандық қоғамның айқын ережелерге,болашаққа бағдарланған күшті және әділмемлекетке деген сұранысын толық көрсетеді.