Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін төрт адамнан тұратын отбасының — әкесі, анасы және екі баласының — із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін ерлі-зайыптылардың мәйіті табылып, олардың қайтыс болғаны белгілі болды. Ал кәмелетке толмаған ұл мен қызды іздеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.
Полиция өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта балаларды табуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары күшейтілген режимде жүзеге асырылып жатыр.
Атырауда жоғалған отбасы: екі адам әлі табылған жоқ
Фото: Әлеуметтік желіде тараған