Қазақстанда орташа айлық жалақы 429 мың теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының еңбек нарығына қатысты 2025 жылдың III тоқсаны бойынша жариялаған мәліметіне сәйкес, елдегі жалпы жұмыс күші 9 778 691 адамды құрайды. Оның ішінде 7 155 420 азамат жалдамалы қызметкер ретінде еңбек етуде.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылдың III тоқсанында республика бойынша орташа айлық жалақы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға өсіп, 429 368 теңгеге жеткен. Бұл жөнінде министрліктің ресми жауабында айтылған.
Сонымен қатар, жалақының медианалық мөлшері 302 584 теңге болған. Бұл көрсеткіш ел тұрғындарының жартысы аталған сомадан төмен, ал қалған жартысы одан жоғары жалақы алатынын білдіреді.
Сурет: Life09
Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты
Фото: Life09