Шығыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға тіркелді. Өскемен гарнизонында қарауыл қызметін атқарып жүрген мерзімді әскери қызметкер жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, сарбаз өзіне тиесілі қарудан оқ атқан. Ол 2024 жылдың сәуір айында әскер қатарына шақырылған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары басталды.
Оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің өкілдері келді. Арнайы комиссия вице-министр Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен жұмыс жүргізуде.
Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкер қаза тапты
Фото: ЖИ ChatGPT