Қарағанды облысында соңғы жылы бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау жүйесі арқылы 268 іздеуде жүрген адам анықталғанын облыстың Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасынан хабарлады.

Облыс аумағында шамамен 4 мың бейнекамера орнатылған, оның ішінде 100-ге жуығв КИРЕБ және Ішкі істер министрлігінің іздеу базаларына біріктірілген.

Ақпараттандыру басқармасының басшысы Константин Ильницкийдің айтуынша, жүйені кеңейту жоспарда бар: оған тұрғын үйлерде орнатылған қалалық бейнедомофондар қосылады.
— Бейнедомофондар оңтайлы биіктікте және маңызды нүктелерде орналасқан. Жүйеге тұрақты бейнежазба қажет емес — бет-әлпеттің цифрлық коды оқиғаның сәтінде анықталады да, қосылған мәліметтер базаларымен салыстырылады, — дейді Константин Ильницкий.

Оның сөзінше, пилоттық жоба екі тұрғын үй кешенінде іске қосылған. Биыл жүйені өңірдегі басқа тұрғын үй нысандарына кеңейту мүмкіндігі қарастырылуда.