Шымкентте жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты

Фото: ИИ Canva

20 қаңтар күні Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болып, соңы жаппай төбелеске ұласты. Салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Екі көліктің жүргізушісі бір-бірімен жанжалдасып жатқанда олардың жанынан тағы бір көлік тоқтап, одан шыққан адамдар да жанжалға араласқан. Төбелес кезінде бірнеше зардап шегіп, екі адам ауруханаға жеткізілді. Алайда олардың біреуі көз жұмды.

Полиция болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.

“Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілерді анықтап, ұстау үшін барлық қажет шараларды қабылдап жатыр. Күдіктілерді ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды”, – деп хабарлады полиция.