Туризмді дамыту — бұл тек қызмет көрсету мен демалыс саласы ғана емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, туризм елдің экономикалық өсімімен, мәдени мұрасымен, қауіпсіздігімен және іскерлік ортасымен тікелей байланысты.
Мемлекет басшысы бұл саланың жүйелі көзқарасты және жоғары жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Мұнда стратегиялық ойлай алатын әрі ұлттық мүдделерді қорғай білетін кәсіби мамандар жұмыс істеуі тиіс. Туризм — кездейсоқ адамдарға арналған сала емес, Қазақстанның халықаралық беделін қалыптастыратын мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты.
Туризм — елдің стратегиялық ресурсы
Фото: Life09