Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп жатыр. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq_kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорданы сол әйгілі қалалардың жалғасы дей аламыз. Бұл шаһардың тарихи маңызы айрықша. Бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны мәлім. Бұл шаһарда Қазақстан болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданды.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өзгеріп, өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 трлн теңге инвестиция тартылды, - деп атап өтті Президент.