Жамбыл облысындағы Байзақ аудандық соты “Сергек” камерасын қасақана бүлдірген жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Іс “бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” дерегі бойынша қаралған.
Соттың мәліметінше, күдікті 2025 жылдың желтоқсанында Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ тасжолында жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін “Сергек” камерасына пневматикалық мылтықпен оқ атып, қасақана бүлдіргенін анықтады.
Сот отырысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалдың бір бөлігін өтегенін айтты. Ал жәбірленуші тарап шығынның толық өтелмегенін мәлімдеді.
Сот азамат М-ні кінәлі деп танып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Жеңілдететін мән-жай ретінде айыпталушының кінәсін мойындауы ескерілді. Сот қаулысы заңды күшіне енді.