Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Фото: Stan.kz телеграм арнасынан алынды

Полиция мәліметінше, іздеуде жүрген 29 жастағы ер адам табылып, қамауға алынды. Ол қызды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.