Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Фото: Приозерск қаласының әкімдігі

2025 жылғы 13 маусымда Приозерск қаласында «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар өтті.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Приозерск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аталған семинар ұйымдастырылды.Семинар барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, осы саладағы нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі практикалық шаралар қарастырылды. Ерекше назар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына, мүдделер қақтығысының алдын алуға, қызметкерлердің күнделікті жұмысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау шараларына және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелеріне аударылды.

Дереккөз: Приозерск қаласының әкімдігі