Қарағанды облысындағы 11–13 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: Canva

11–13 қараша аралығында Қарағанды облысында ауа температурасының өзгеруі байқалады. Алдағы бір-екі күнде Атлант циклонының әсерінен облыстың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда. Алдағы күндері жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі ықтимал.

13 қарашада күндіз антициклонның жақындауы салдарынан ауа температурасы -5…-10 °С дейін төмендеп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алдағы күндері қала тұрғындары мен қонақтарын жол қауіпсіздігі ережелерін сақтап, абай болуға шақырамыз.