Мәскеу көшелерінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреттері ілінді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап .
Ақорда жариялаған видеода қала көшелерінде Қазақстанның туы мен Тоқаевтың суреттері ілінгенін байқауға болады.
“Қазақстан Республикасының президенті, жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза Ресей Федерациясына қош келдіңіз”, – деген жазу екі тілде үлкен билбордтарда орналастырылған.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.
Ресейдің арнайы ұшақтары Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Тоқаев мінген ұшақты қоршап ұшқаны туралы жазғанбыз. Ақорда әуе кеңістігіндегі видеолармен бөлісті. Онда Тоқаев мінген ұшақты бірнеше әскери ұшақ қоршап келе жатқанын көруге болады.